29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

Метка: рядовой

<?php echo esc_attr( get_the_title() ) ?>

Ел намысын Бүкіләлемдік әскери ойындарда қорғаған Теміртаулық әскери қызметші

29 қарашадан бастап Әзербайжанның астанасы Баку қаласында 36-шы Бүкіләлемдік әскери ойындары өтуде. Бұл әскери ойындарда Қазақстан Республикасының намысын Теміртау қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 5516 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Оспанов Адиль еркін күрес спорт түрінен қорғады. Әскери қызметшіміз 65 килограмм салмаққа дейінгі дәрежеде өнер көрсетті. Бұл салмақта әлемнің 20 мықты әскери қызметшілері күштерін сынастырды. Қарсылас шақ келтірмей тек біреуінен есе жіберген қатардағы жауынгеріміз Оспанов Адиль Алжирлік Кербачи Абдульхакты 10:0 ұпаймен жеңіп 3 орынды иеленді. Жауынгеріміз ендігі кезекте жаттығуын жалғастырып келер жылда Бішкекте өтетін жарысқа қатысып Олимпиадаға лицензия алуға талпынады. Әскери қызметшімізге тек жеңіс тілейміз.
<?php echo esc_attr( get_the_title() ) ?>

Жаным да қазақ, өзім де қазақ

Күн мен түнді теңеп, жылдың бастауы болған мейрам ол – Наурыз мейрамы! Бала кезден тайға жүген тағып, бәйге, асық ойнап, наурыз көжені тойғанша ішетін кез деп біледі қазақ халқы бұл мерекені. Ұлыстың ұлы күні ақтықтың молайып, қуаныштың орнайтын шағы, Қыдыр атам қырдан келіп, руханиаттың тұнбасы болған жерге ақ батасын беретін шақ. Осы орайда Отандасымыз, қазіргі уақытта қаруласымыз, тойымызда әндетіп, жүк тартқанда бірігетін бауырымыз болып қалған қатардағы жауынгер Курваналиев Фарухпен сұхбат жүргіздік. Фарух қазіргі уақытта ел алдындағы борышын Қарағанды қаласындағы Ұлттық ұланның 5451 әскери бөлімінің 3 батальон, 5 жедел мақсаттағы ротасында атқарып келеді. Кіндік қаны тамған жері - қасиетті Түркістан қаласы .Ұлты-өзбек десе де, ұстанымым «жаным да қазақ, өзім де қазақ» дейтін Фарух
<?php echo esc_attr( get_the_title() ) ?>

«Туриндік» Тюрин Ұлттық Ұланда

Биыл Көкшетау қаласындағы 5510 әскери бөлімінің қатарын 230-дан аса жас сарбаз толықтырды. 2-2022 қысқы шақырылымына мүше болуға Қазақстанның жеті бірдей облысы, атап айтқанда Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, СҚО жастары ие болды.Ұлттық ұланның сапында қызмет етуге тіпті Италия мемлекетінде өмір сүріп жатқан қазақстандық Тюрин Никита да өз лебізін білдірген. Балалық шағында әжесімен Италия мемлекетіне қоныс аударған Никита өмірінің басым бөлігін Турин қаласында өткізген. Криштиану Роналду, Андреа Пирло, Джанлуиджи Буффон сынды аты аңызға айналған аяқдопшылар өнер көрсеткен «Ювентус» кәсіби клубының жастар құрамасы сапында да тәлім алған. Бала күнгі арманын орындауға әлі де кеш емес екеніне кәміл сенімді Тюрин әскери қызметті аяқтаған соң, Қазақстан Примье